Среда, 24.05.2017
NAUBET
Сайттың мәзірі
Бағалау
Оцените мой сайт
Жалпы жауабы: 185

Құрметті отандастар!

Қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешірген талай зұлмат пен нәубеттің ең ауыры 1931-33 жылдардағы болған Ашаршылықта әртүрлі деректер бойынша халқымыздың 50-ден 75 %-ке дейіні қырылған, ал бұл дегеніңіз 2-4 миллион адамдай. Ашаршылықта жақынын жоғалтқан бір де бір қазақ жоқ та шығар... Алайда бұл қасірет бүгінгі күні біздің назарымыздан тыс қалып отыр, Ашаршылық туралы тіс жарып, елге аян жасап жатқандар бірлі-жарым ғана: бұл тақырыптағы ғылыми зерттеулер, көркем шығармалар мен деректі фильмдер саны азын-аулақ, ол туралы бірде-бір көркем фильм түсірілмеген, картина жазылмаған, мүсін сомдалмаған, елді мекендерде жазықсыз қырылғандарды қадір тұтатын ескерткіштер мен белгілер де санаулы ғана, қара жамылып, аза тұтып, құрбандық шалып, рухтарына Құран бағыштап, оларды еске түсіретін белгіленген күн де жоқ.

Жазықсыз қырылғандар бүгінгі күні ескерусіз, жоқтаусыз және жоқтаушысыз қалды десек те болады... Бірақ олардың қасіреті мен жапа шеккендігі, төгілген қаны мен көз жасы, кеудеден жазықсыз ұшқан жандары мен қыршынынан үзілген өмірлері бізді – олардың бүгінгі ұрпағын – алысқа жіберер ме екен?! Олардың обалы бізге қалмас па екен?! Өткен күннің қасіретін еш елемей, біз қалайша тыншып, қаннен-қаперсіз өмір сүре алады екенбіз?! Ертеңгі күнгі ұрпақ біздің әрекетсіздігімізді, бүткіл иісі Алашқа, бүкіл Әлемге бұл қасірет туралы жар салмай отырған немқұрайдылығымызды түсінер ме екен, кешірер ме екен? Өткен күндердің қасіретін жариялау ісі мұқалып қалған ұлттық рухымызды жандандыруға, асқақтатуға аз да болса септігін тигізетін шығар деген үміттеміз. Жалғасы бар...............

Кіру Формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Май 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Іздеу
Сайттың достары
Rambler's Top100