Вторник, 24.10.2017
NAUBET
Сайттың мәзірі
Бағалау
Оцените мой сайт
Жалпы жауабы: 187

Мартиролог алғы сөзі

Ашаршылық қасіретінде жазықсыз жапа шегіп, келмеске кеткендердің артынан шашын жайып, жоқтау айтып аңыраған қарындас пен ақ таяққа сүйене, «Ой, бауырымдап!» жерге шөккен ағайын болмаған да шығар сол сұрапыл заманда...

Өмірлері үзіліп, қыршын кеткен 4 миллион қазақ жадымызда қалды ма?.. Енді тіпті болмаса солардың аты-жөні жадымызда қалса...

Мартиролог дегеніміз қаза болғандардың тізімі. Ашаршылықта өмірі қиылғандардың есімдерін тізбектесек. Мүмкін сол арқылы оларды ұмыт қалудың шыңырауынан алып та шығармыз, жадымызға ойып жазғандай болармыз...

Бұл тізімге Ашаршылықта шыбын жаны үзілгендердің есімін, туған жылы мен мекен-жайын, қаза тапқан күні мен жерін келтірсек...

Құрметті оқырман! Мартирологтың қаралы тізімін өз ата-бабаларыңыз бен туған-туыстарыңыздың есімдерімен жалғастыруды сұраймыз...

Мартирологты мен өзімнің ата-бабамнан бастасам...

Темірұлы Әлім 1874 жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны, ауыл молдасы – 1933 жылдың ақпан айында Қырғызстанда Шу өзенінің бойында көз жұмған.

Әлімкеліні Сейсеп 1884 (?) жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны - 1933 жылдың ақпан айында Қырғызстанда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен;

Әлімұлы Мәди 1904 (?) жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны, ауылдық кеңес хатшысы – 1931 жылдың жазында «социалистік мүлікті шығындау үшін» («бір қап бидай ұрлаған» деген айып тағылған) сотқа тартылып, ату жазасына кесілген;

Әлімұлы Мұғали 1916 жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны - 1933 жылдың жазында Боралдай түбінде қайтыс болған;

Әлімқызы Ынтық 1909 (?) жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тұрғыны – 1932 жылы қайтыс болған, қайтыс болған жері белгісіз;

Әлімұлы Аббас 1918 жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны - 1933 жылдың ақпан айында Қырғызстанда көз жұмған;

Әлімқызы Күлсім 1925 жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны - 1933 жылдың ақпан айында Қырғызстанда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен;

Бұл тізім Сіздің тарапыңыздан жалғастыруды қажет етеді...

Кіру Формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Іздеу
Сайттың достары
Rambler's Top100