Қазақ өлкелік комитеті «Коллективтендірудің қарқыны және колхоздарды нығайту міндеттері» деген тағы бір қаулы қабылдап, онда былай деп атап өтеді: «Мал шаруашыльгғыы коллектевтендіруге ерекше зор көңіл бөлу қажет. Бұқаралық жұмыстың негізінде колхозшылардың жеке меншігіндегі малдың барынша қоғамдастырылуын жүзеге асыру қамтамасыз етілсін». Аудандардағы асыра сілтеушілерге қатаң шүйліккенімен, бірақ қазақ органдарыньщ өзі де жоғарыда аталған бағытты жүргізе берді. Осылайша олар жылы (дәлірек айтқанда, Орталық Комитеттің 1932 жылғы 17 сснтябрьдегі қаулысына дейін) бірқатар нұсқауларында атап көрсеткеніндей, колхоздардың товарлы фермаларындағы мал санын 2.732 мың басқа жеткізуге
күш салады, ал бұл цифр 1932 жылғы февраль айындағы мал санағы бойынша халықтың (колхоздар мен жеке шаруалардың) қолында қалған барлық малдың 86 процентіне тең болған. Осы нұсқауларды орындау мақсатымен Советтердің Ақмола аудандық III съезі (1932 жыл, июль)
өзінің шешімінде былай деп рапорт береді: «Аудан кулак байшыл элементтермен, олардың агентурасымен, сан қилы оппортунистермен ымырасыз күрес жүргізе отырып және социалистік секторға барлық мал басының 99,2 процентін шоғырландыра отырып, Советтердің аудаңдық III съезіне зор жетістіктермен келді». Өзге де бірқатар аудандар осындай «жетістіктерді» атап көрсетеді. Мәселеңің қойылысындағы басты қателік мынада, яғни коллективтендіруді жоғары қарқынмен жургізуге бұкараны әзірлемей түрып, және көптеген колхоздарга, ауылдық Советтерге, тіпті қатар аудандар мен олардың басшылырына байшыл элементтер мен олардың агенттерінің еніп кеткендігін ескермей, істі тек құрғақ әкімшілік әдістермен жүргізуге болып отыр. Байшыл элементтер кедейлерге зорлық – зомбылық жасай отырып, коллективтендіру мен мал басын қоғамдастыруды өз мүдделері үшін пайдаланады. Асыра сілтеушілердің әрекеттерінің асқынғаны сонша — кейбір аудандарда ВКП (б) Орталық Комитетінің 26 марттағы «Малды күштеп коғамдастыру туралы» каулысының жариялануын кідіртуге тырысқан (Бұлаев ауданыңда аталған қаулының жарық көруіне тыйым салынады, Атбасар ауданында бір ай өткен соң, оның өзінде де, аудандық комитеттің «Колхозға мүше болып өту кезінде бір сиырды мәжбүрліктен қоғамдастырып отырғанын дәлелдеу — дұрыс емес деген ескертпе - сілтемесімен бірге жарияланады. Осы уақыт ішінде ондаған мал өсіретін аудандарда аудаңдық партия комитеттері мен аудандық атқару комитеттерінің айрықша асыра сілтеушілік-терге, кұлдырауға жол бергені, кейбіреулерінің колхозщылардың мүліктерің иемденіп кеткені, оларға зорлық - зомбылық көрсеткені және т. с. с. үшін екі қайтара таратылып жіберілуі де сондықтан. Голощекин жолдас жоғарыда аталған 7-партия конференциясында төмендегідей асыра сілтеушіліктерге тоқталып өтті: «Егін екпейтің шаруашылықтардан астық дайындау жүргізілгенде, халыктың малды астыққа айырбастаудан басқа амалы қалды ма? Ал бірқатар жерлерде мемлекетке жүн дайындау жүргізілгенде, кейбіреулерге қыстың күні қойларының жүңің қырықтыруға мәжбүр еткен, бұл малдың өліміне әкеп соқпады деп айта аламыз ба? Ал шарт жасаудағы былықтар ше? Кейбіреулер бізге 140—200% шарт жасалды деп мактанады, іс жүзінде жасалуға тиісті шарттың 10 проценті де жоқ болып шығады». Бірақ мұндай асыра сілтеушіліктер осы кезден кейін де жалғаса берді.
Қазақ шаруашылықтарының нақты жағдайын анықтау (асыра сілтеушілікке жол ашқан себептердің бірі де — осы) барысындағы көзбояушылық элементтері неде» көрінді? Мал санын анықтауда қазақ органдары құм арасымда жасырылған мал бар деген сылтаумен, есепке алынған мал үстіне 50—100% қосып жазып жіберген («қазір біздің қолымызда жер-жерде малды жасырудың 50—100 процентке дейін жеткені туралы деректер бар»— Голощекин жолдастың сөзінен) және 1931 жылдың аяғында Қазақстанда 20 млн. бас мал бар деп керсеткен, 1932 жылдың көктеміне қарай мал басы 10 млн-ға жетеді (Қазақ өлкелік комитетінің 3-Пленумында келтірілген цифрлардан алынды—1932 жылғы январь) деп ақпар берген, ал іс жүзінде 1932 жылғы февральда жүргізілген мал санағы бойынша өлкеде 5.397 мың бас қана мал болған.Ал осы тәрізді «ауытқулардың» деңгейі өзге салаларда калай, бүкіл қазақ халқына қызмет керсетуде тағы қандай ірі кемшіліктер орын алып отыр, міне, бұл жағдайларды анықтап алудың келешек жұмыстар үшін маңызы зор.
4. ҚАЗАҚ ШАРУЛШЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЕГІС ТУРАЛЫ
гектар егістіктен ғана келеді.



