Вторник, 24.10.2017
NAUBET
Сайттың мәзірі
Бағалау
Оцените мой сайт
Жалпы жауабы: 187

2. МАЛ БАСЫНЫҢ КЕМУІ

 Қоныс аудару мен шаруашылықтардың іргесі шайқалуының басты себептерініц бірі — мал басының қысқаруы. Мен өзімнің Сіздің атыңызға жазған 1932 жылғы 29 сентябрь кунгі мәлімдемеде Қазақстанда мал басын қысқартудағы кемшіліктерді толық баяндап және оны қалпына келтіру шараларына тоқталған  олатынмын. 1932 жылғы февраль айында жүргізілген (және екінші рет қайта тексерілген).  Бүкілодақтық мал санағы бойынша  1923—29 жылдардағы 40 мл. бас малдан — Қазақстанда санақ барысында 5. 397 мың бас қана малдың қалғаны, яғни мал санының 85,5 процентке қысқарғаны мәлім болды. Соның ішінде, 1931 жылдың февралынан 1932 жылдың февралы аралығында мал басы 55 процентке кысқартылған (Бұл жылы СССР-де жалпы мал басының кысқаруы 16,7 процент болған). Санаққа дейін барлық малдың 80% қоғамдастырылыпты (СССР-де бұл уақытта қоғамдастырылған мал саны барлық малдың 33% болған). Қалған 5 млн. 397 мың бас малдың 37,6% совхоздардың үлесінде болғаң (СССР бойынша совхоздардың үлесіндегі мал саны барлық мал басының —9 процентін құрайды), осы малдың 1 млн. 555, 9 мыңы, яғни 20% казақтардың үлесіне тиген (ал 1928 жылы Қазақстандағы барлық мал басының 80% казақтардың үлесінде болған). Ақтөбе облыстық партия конференциясының қаулысында (1932 жыл, июнь) былай делінген: «Облыстық партия конференциясы мыналарды атап көрсетеді, 1931 жылмен салыстырғанда 1932 жылы облыстағы мал саны көп қысқарып кетті, барлық мал басының 4. 205,6 мыңы, яғни 18,3% қысқартылды. әсіресе облыстың көшпелі аудандарьшдағы мал өсіретін шаруашылыктарды күрт қысқартулар жүргізіледі, Табын ауданында бүкіл малдың —1,6%, Бетбаққара ауданында — 4,1%, Арал ауданында —4,8%, Ырғыз аудаиында 5,4%, Торғай ауданында —7%, Шалқар ауданында —5,6 проценті ғана қалды. Осының есебінен егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандардағы мал басының егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандардағы мал басының меншікті үлесі артты. Сонымен бірге жеке меншіктің пайдалануындағы малдың 7,3 проценті ғана қолда калды, ал барлық мал басының 36% қоғамдастырылды». Осыған ұқсас жағдайлар Қазақстанның барлық облыстарында да кездеседі, Осы мәселеге байланысты ерекше назар аударатын бір жай — СССР-дің өзге аудандарында мал санын қысқарту тоқтатылып, тіпті бірқатар аудандарда мал басының өсімі артқаны белгілі болып отырған түста, Қазакстанда мал басын одан әрі қысқарту жыл бойына (1932 ж.) жүргізілген. Бірсыпыра мысалдар келтірейік: 1932 жылдың басында Шұбартау ауданында 93. 329 бас мал болған, жыл аяғына қарай бұның 3691-і ғана қалған. Айыртау ауданында 1932 жылдың февралында 17. 166 бас мал болған, ал осы жылдың июлінде оның тек жартысы ғана қалған. Әсіресе, тұйе мен жылқының саны көп қысқарып кетті. Оңтүстік Қазақстан облысында жылқының саны 25% қысқарған. Жалпы өлке бойынша асыл тұқымды жылқылар 30% қысқарған. 1932 жылы Қарағанды шаруашылықтарында 286 жылқы малы қырылған және 30 жылқы ұрланған. 1932 жылы сегіз колхоз бойынша (тізімі бар) 2206 бас жылқы мен түйе және 6580 бас кой талан - таражға ұшыраған. Бұл сияқты мысалдарды өзге де кептеген колхоздардан келтіруге болады. Жұмыс күш - көліктерінің бұлайша көп қысқаруы — Қазақстандағы бір-бірінен шалғай жатқан аудандардың бірінен екіншісіне астық тасып әкелу, қарым-катынас жасап тұру,  жәрдемге босатылған азық-тулікті дер кезінде алып кету және т. б. жұмыстарға да әсерін тигізбей қалған жоқ. Көктемгі егіс жұмыстарына да күш-көлік жетісе бермейді (кей аудандарда бір аттың езі 50-100 гектар егістік жерге тұқым себуге пайдаланылады).

Қазақ халқының төрттен үш бөлігінің тұрмыс жағдайы Қазақстан ауыл шаруашылыгы өнімдерінің 60 процентін құрайтын мал шаруашылырына негізделген (бұл туралы кезінде Қазақстан өлкелік 6 партия конферепциясьтнда да: «Жергілікті халықтың 90 проценті мал шаруашылығымен шұғылданатындықтан, бұл мәселе — едәуір дәрежеде ұлттық мәселе де болып табылады» деп атап өтілген-ді).

1929 жылғы малынан қазақтардың қолында қазір оның небәрі 6 проценті ғана қалса, олардың тұрмыс-шаруашылығының күйзелуінің себептері де түсінікті болу керек. 3000-нан астам қазақтар (жұмысшылар мен қызметкерлер), ал Қазақстанның өз ішінде 135.000 адам, яғни өлкедегі барлық жұмысшылар мен кызметкерлердің 28,4 проценті жалдамалы қызметтерге орналастырылған (Қазақ өлкелік комитетінің 1932 жылғы июль айында өткен 4-ші Пленумында Голощекин жолдастың сөйлеген сөзінен алынды), ал калғандары ауыл шаруашылығында істейді.

Қолөнер кәсіпшілігімен шұғылданатын қазақтар некен-саяқ. Олар сонымен бірге ірі қара және кұс өсірумен де аз айналысады. Ал қазақтардың егіс көлемі жөнінде төменде айтылады. Осылардың барлығы қазақ халқының қазіргі жағдайын айқындай алады. Қазақтардың жерін тартыл алумен айналысқан патша өкіметі түсындағы бұрынғы қоныстандыру басқармасы да көшпелі шаруалардың әрбір семьясының өлместің қамын жасап, жан бағуы үшін — ең кем дегенде 30 бас малы болу керек деп есептеген жоқ па еді.

                                                         3. АСЬІРА СІЛТЕУШІЛІКТЕР МЕН КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ

Жергілікті жерлерде партияның колхоз құрылысы жөніндегі бірқатар нұсқаулары өрескел бұзылып, жөнсіз асыра сілтеушілікке жол берілуі мал басының кемуіне және казақтардың коныс аударуына әкеп соқты.

Мұндай асыра сілтеушіліктердің негізгі себептері мыналар: коллективтендіру мен малды қоғамдастырудағы процент қуушылық; ТОЗ-дарды жерді бірлесіп өндеу серіктестіктері — ред. (жойып, мал өсіретін аудандарда жаппай артельдер және кейде коммуналар ұйымдастыру, ірілендірілген колхоздар ұйымдастыру) Келес ауданында 142 колхоз —35 колхозға, Арыс ауданында 138 колхоз — 67 колхозга біріктірілген, т.с.с.) 300-400 киіз уйді бір жерге зорлықпеІІ жинап, қалашық құру (Талас ауданы), қазақ колхоздарын орыс колхоздарына куштеп қосу (Мерке және басқа аудандарда), колхоз - совхоз комбинаттарын кұру (Қобда ауданындағы №48 совхоздың үлгісінде), қоныс аударып кеткен бай элементтердің есебінен кедей шаруаларға салынатын салықтың мөлшерін арттыру, бірқатар аудандарда революциялық заңдылықтың жаппай бұзылуы (ұрып-соғу, қамауға алу, мүлікті бас пайдасы үшін тартып алу және т.с.с.) колхозшылардың тапсырған шикізаты үшін ақы төлемеу (Шұбартау ауданында тек Живсоюз тарапынан 206 мың сом төленбеген және мұндай деректер басқа аудандарда да көптеп кездеседі), аудандарды жете білмеу, егістіктің көлемі мен мал санын шатастыру, және осыдан келіп туындайтын (дайындау жоспарларын орындау барысындағы) түсініспеушіліктер және т. б. Сталин жолдастың 1930 жылғы 2 мартта жарияланған Табысқа мастану» атты мақаласынан және коллективтендіру процесінен кейін Қазақстанда да асыра сілтеушіліктерді жоюға әрекет жасалды. Голщекин жолдас Қазақстан өлкелік 7-партия конференциясында (1930 жыл, 3 май) сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсетті: «Бурмалаушылықтар мал шаруашылығына зор зиянын тигізді. Бұларды қателіктер ме деп қана қою жеткіліксіз. Көшпелі ауылдарды коллек-тивтендірудің ешқандай алғы шарттары жасалынбағаны және оның біздің тарапымыздан мүлде әзірленбегені де рас». Арада бір жыл өткен соң (мұндай алғы шарттарды жасауға бұл мерзім аздық еткендіктен, бұған дейін жол берілген кемшіліктер түзелмеді) қазақ органдары бұл қорытыдты пікір мен Қазақстан өлкелік 7-партия конференциясының нұсқауларын ұмытып та кетті. ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1931 жылғы 30 июньде «Социалистік мал шаруашылығын өркендету туралы» қаулы алып, онда былай деп шешті: «мал өсіретін аудандарға коллективтендіруді неғұрлым жоғары карқынды межесіне шығу міндеттелсін және артта қалған, әлі де таза көшпеді шаруашылық тәртібі сақталған, шалғай жерлерге көшіп-қонатын аудандардан басқа ауылдарда колхоз қозғалысының негізгі формасы мал өсіретін ауылшаруашылық артелдері деп есептелсін», Мұнда қазақ органдары барлық қазақ шаруашылыктарының 10-15 процентін ғана таза көшпелі шаруашылық деп есептеді, ал іс жүзінде бұл шешім кейін осы таза көшпелі шаруашылықтарға да қолданылады.

Осы нұсқауды жузеге асыру жер-жерде күщейе тустіжылдың  сентябрь  айының  аяғында   
                                                           7 ..  9  10
Кіру Формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Іздеу
Сайттың достары
Rambler's Top100