Вторник, 24.10.2017
NAUBET
Сайттың мәзірі
Бағалау
Оцените мой сайт
Жалпы жауабы: 187

Қазақтардың қаншалықты шығасыға ұшырағаны туралы мұндай мысалдарды басқа да бірқатар казақ аудандарынан келтіруге болады. Әсіресе, балалардың арасында шығын көп. Көптеген қоныс аударушылар балаларын тағдырдың еркіне тастап кеткен. Өзге өлкелерге қоныс аударғандардың арасында өздерімен бірге балаларын да ала барғандар аз. Қазақстанның қалалары мен темір жол станцияларында қараусыз қалған балалар тобыры көбейе түскен. Қазақ әйелдері балаларын әкеліп, үйлер мен мекемелердің алдына қалдырып кеткен. Қазақ органдары қараусыз қалған 50 мың қазақ балаларының орналастырылмағандығы туралы 1932 жылдың аяғында-ақ ресми хабарлаған-ды. Қазақстандағы балалар үйіндегілер тым тығыз жайғасқан және балалардың өлімі де аз емес. Мысалы, комиссияның тексеруі кезінде Семей ауданындағы балалар үйінің бірінің подвалынан иістеніп іріп кеткен 20 қазақ баласының өлігі табылған (Уақытында алып кетуге көліктері болмапты). Қызыл крестің Ақтөбедегі отрядының мәлімдемесінде Торғайдағы қазақ балаларының жағдайы туралы мынадай дерек келтірілген: «Балалар аса ауыр халде қалып отыр. Ата-анасынан ажырап қалған 4 жасқа дейінгі балалар бірі қалмай түгел қазаға ұшырады. Балалар үйлері мен т. б. мекемелерден төрт жастан жоғары қарайғы жүдеп-жадаған балаларды көруге (төрт жастан төмендегілер ата-аналарымен бірге жүргенімен, өте азған) тура келді. Балалар үйіндегі сәбилердің тегіс іші өтіп ауырады. 100-150 орындық балалар үйлерінен әдетте 1-2, кейде 3 балаға дейін өледі және бұлардың орны жаңадан қабылданғандардың есебінен тез-ақ толықтырылып тұрады. Балаларға түгел қырылып кету қаупі төніп тұр. Декабрьде және январь айының басында (яғни, ең суық кезде) тазарту мақсатымен караусыз қалған 1100 бала Қарағандыдан халық көшіп жатқан аудандарға қайта жөнелтілген (мұн-дай тазарту ересектерге де жүргізілген). Январь айында Қызылордадағы караусыз балалардың қатары 450-ге жеткен. Аягөз станциясының бір өзінен 300 бала жиналып алынған, осында бір қазақ әйелі өзінің екі баласын поездың астына тастаған, ал Семейде тағы бір қазақ әйелі екі баласын мұздың ойығына тастап жіберген.

Қазақ органдары қайтып оралған қоныс аударушылар мен аш адамдарға қалай көмектесіп отыр? Өткен жылдың жазында қоныс аударушыларды кері қайтару науқанын жүргізе отырып, қазақ үкіметі алайда бұлардың көпшілігін орналастыра алмады, жоқшылықтың зардабын тартқан олардың бір бөлігі өзге өлкелерге қайта көшіп кетті, ал ол өлкедегілер бұларды казақ органдары кері алып қайтар деген сеніммен, қазақтарды орналастыруга көп кеңіл бөле қоймады. Басшы қазақ органдарының бұл мәселеге енжар назар аударуыңың салдары аудаңдарда да осы іске мейірімсіздікпен, бюрократтықпен қарауды туғызды. Жоғарыда Сексеуілді станциясында болған оқиға айтылған-ды. Енді бірқатар өзге мысалдарға тоқталайық  ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 17 сентябрьдегі қаулысымен ашарщылыққа ұшыраған қазақтарға көмек ретінде 1 млн. пүт астық босатылды, Орталық IV тоқсанға және үстіміздегі жылдың 1 тоқсанына рұқсат еткен (бір миллион пұттың есебінен) 600 мың пұт астық пен 1932 жылдан қалған 280 мың астықтың, яки 880 мың пұт астықтың 773. 158 пұтын қазақ органдары наряд бойынша бөліске салған,  халықка оның небары 111. 066 пұты, яғни 15 проценті ғана тиген (оның өзі де толық тимеген сияқты). Аштыққа ұшыраған адамдарға тиісті астықтың көбісі аудан орталықтары мен түрлі мекемелердің талан - таражына түскен және оның бір бөлігі астық дайындау есебіне өткізіліп жіберілген. Мұндай қылмыстардың Қу, Қарқаралы, Шу, Торғай аудандарында беті ашылып, айыптылар жауапқа тартылған. ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің 1933 жылғы 4 январьдағы Қаратал ауданы жөнінде қабылданған шешімінде былай делінген: Қаратал ауданындағы қазақ шаруашылықтарының мұқтаждары үшін жәрдемге бөлінген азық-түлікті пайдалану жөніндегі материалдармен танысқан Қазак өлкелік комитетіңің бюросы мен өлкелік Бақылау комиссиясының презимумының біріккен мәжілісі мыналарды атап көрсетеді: а) аудандық ұйымдар қазақ шаруашылықтарының мұқтаждары үшін 1932 жылдың көктемінде жәрдемге босатылған 6500 ц. көдеміндегі азық-түліктің өз мақсатында пайдаланғанын растайтын дәл мәліметтер бере алмады; б) аудан ұйымдары босатылған қорды өз мақсатында пайдаланудың орнына азық-түлік жәрдемінің 2811 центнерін астық дайындау жоспарына өткізіп жіберген. Аудандағы коныс аударушыларға бөлінген өнеркәсіп бұйымдары июль айынан 1933 жылдың 1 январына дейін аудандық тұтынушылар одағында жатып қалған. Жоғарыда Каратал ауданыңдағы өлім - жетім туралы да айтылған. Жалпы алғанда, өлкелік органдар осы күнге дейін аудандардың көпшілігінен аштыққа ұшырағандарға босатылған азық-түліктің және басқа да керек-жарақтың қалай жұмсалғандығы жөнінде мәлімет ала алмай отыр. Шұбартау ауданына мемлекет жәрдемге босатқан 2. 770 пұт астықтың — небары 943 пұты ғана халықтың қолына тиген, 10,5 пұт астық қызметкерлерге паек есебінен берілген, 46 пұт астық аудандық қызметкерлерге нормадан тыс таратылған. Ресми мәліметтер бойынша, көрсетілген астықтан тек 11 (?) қана жарлы - жақыбайларға үлестірілген, қалғаңдары ысырапқа ұшыраған, байлар мен атқа - мінерлердің қолына кеткен. Астықты таратқан кезде ешқандай қолхат алынбаған, тізім жасалынбаған. Ақмоладан Қорғалжын ауданына жіберілген 3000 сом азық-түлік жәрдемінің тиісті жерге тек 300 с. ғана жеткен, сонымен бірге соңғы кезде аштыққа ұшырағандарға бөлінген азық-түліктен 117 ц. астық талан-таражға салынған. Батыс Қазақстан облыстық бақылау комиссиясы және жұмысшы-шаруа инспекциясының председателі Бидерман жолдас Тал ауданы жөнінде былай деп жазады: «Қайтып оралғандарға материалдық көмек көрсетілмегені былай тұрсын, оларға белінген қаражат-қордың өзі өз мақсатында жұмсалмады» (онан әрі тиісті деректер келтіріледі). ВКП (б) Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 1932 жылғы 17 сентябрьдегі шешімімен мыңдаған шақырым жерден көшіп келген адайларды орналастыруға аса жауапсыздықпен қарағаны үшін Мақтаарал аудандық бақылау комиссиясының председателіне қатаң сөгіс берілді. Батыс Қазақстан облысында, Тал және Орда аудандарының өзара келісімімен Тал ауданына 40 үй қоныс аударады, бірақ оларға уәде етілген жәрдем көрсетілмейді, жер берілмейді, сонан кейін барлық каражатын жұмсап біткен қазақтар қыстың көзі қырауда кері оралады. Қырғыз АССР-інің органдары мынаны хабарлайды: жуырда олар қазақ үкіметі уәкілінің келісімі бойынша 500 баланы Алматыға жөнелтеді, бірақ мұнда балаларды қабылдамай қояды. Біраз бала қазаға ұшырайды, ал қалғандарын Фрунзе қаласына кері алып қайтады.

Мұндай деректерді өзге аудандардан да көптеп келтіруге болады. Қоныс аударудың тағы да күшейіп, індеттің ұлғайып отырғанына қарамастан қазақ органдары бұдан былайғы қоныс аударуларды тоқтатуға, індетке қарсы күресуге, аштыққа ұшырағандарға пәрменді көмек көрсетуге дәрменсіз тәрізді. Қазақ өлкелік комитеті соңғы уақыттарда осы жағдайларға қарсы батыл күрес жүргізді, бірқатар айыптыларды жауапқа да тартты, бірақ әлі де ырғалып-жырғалумен уақытты өткізіп алып отыр. Облыстар мен аудандардағы кептеген мекемелердің мұндай жағдайларға еті үйреніп кеткені соншалық, кейде барып турған енжарлыққа жол береді. Індетке қарсы күреске жергілікті органдардың қалай қарап отырғандығы туралы Қызыл крестің Ақтөбедегі отрядының сол жерден хабарлаған мәлімдемесінде былай делінеді: «Мұнда бізге қолғабыс етудің орнына, шешекпен ауырғандардың көптігіне қарамастан, кейбір аудандардағы (Бетпаққара, Сексеуілді, Торғай) аудандық денсаулық сақтау мекемелері, инспекторлар отрядымыздың шешекке қарсы егу жұмыстарын өрістетуін және өзге де жұмыстар жургізуіне қарсылық білдірді, сондағы айтқан сылтаулары: «Өзіміз-ақ үлгереміз, жұмыс кайда кашар дейсің, бүгін бітпесе, ертең де күн бар емес пе?» Сондай-ақ Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға республикалық денсаулық сақтау бөлімі де назар аударып отырған жоқ, КазПКЗ-дан не атқару комитетіне, не біздің уәкіліміз Сусликов жолдасқа ешқандай өтінІш-тілек түскен емес, жұмыс материалдары-на ең болмаса бір рет сұрау салмаған Қаз АССР-і Халық Комиссарлары Советі де бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлмей отыр».

Бұның бәрі кездейсоқтық емес, өлкелік комитеттің бұрынғы басшылығының белгілі дәрежеде жүргізілген бағытының салдары болып табылады, қайда болмасын (тіпті көшелерінен қазақтардың өлігі жиналып алынған Алматының өзінде де) ашаршылық пен өлім-жітім жөнінде ресми айтуға тыйым салынады. Ол  ма, жергілікті қызметкерлер мал басының кемуі туралы да айтуға бата алмайды. Қазақстанның өкілдері Москваға келіп жүріп, орталық советтік органдардың алдына бірде-бір рет Қазақстанда болып жатқан жағдай туралы ресми мәселені қоймаған. Бұл аздай-ақ, олар қоныс аударудың себептерін басқаша түсіндіруге тырысып бағады. Голощекин жолдас өзінің «Тағы да мал шаруашылығын дамыту жолдары және осы майдандағы оппортунистер туралы» «Қазақстан халық шаруащылығы» журналында басылған, № 8-9; 1932 жыл) мақаласында мал басының кемуі жөнінде пікір айтқан Төреғожин мен басқаларға тойтарыс бере отырып, қоныс аударушылыққа мынадай ұнамды баға береді: «Бұрын өз аулынан ешқайда ұзап шығып көрмеген қазақ өзінің көшіп-қонатын өрісінен басқа жолды білмеуші еді, ал қазір олар Қазақстанның бір ауданынан екінші ауданына оп-оңай көшіп бара алады, орыс, украин колхоздарына келіп қосылып жатыр, Поволжьенің, Сібірдің шаруашылық құрылыстарында да жұмыс істеп жүр». Бұл теорияны, әрине, өзгелер де іліп алып кетті, бірақ біз жоғарыда келтірілген мысалдардан бұндай қоныс аударулардың неге апарып соғатынын көрдік те.

Мұндай жағдайға бұдан әрі төзуге болмайды. Бүкіл еліміз социалистік құрылыс саласында аса зор табыстарға ие болып, барлық республикалар мен өлкелерде бұрын болып көрмеген: мәдени өрлеу жүзеге асып, жалпы советтік кұрылыста жаңа жетістіктерге қол жеткізіп (тұтастай алғанда, Қазақстанда да) отырған уақытта, жергілікті халықтың басым бөлігін қамтыған Казақстандағы жағдайды бұлай қалдыруға болмайды. Оларға көмек көрсетуге және осы кұбылысты қысқа мерзімде жоюға Советтер Одағының күш-куаты толық жетеді. Ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға көмек көрсетуді жеделдету және індетке қарсы күресті күшейту қажет, сонымен бірге осы кұбылыстың негізгі себептерінің тамырына балта шабатын шараларды жүзеге асыру үшін жан - жақты майданды өрістету керек. Ал енді мұндай себептердің төркіні неде?
                                                                             6 ...  8   9               
Кіру Формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Іздеу
Сайттың достары
Rambler's Top100