Екіншісі — тағы да аштық. Тарихтан белгілі, 1932-1933 жылдары жаппай коллективтендіру кезеңінде Қазақстанда өрескел бұрмалаушылық орын алды. Халықты коллективтендіру туралы Лениннің өсиеті ұмыт қалып, қоғам дамуының объективті, диалектикалық заңы бұзылды. Осының салдарынан халық көпе-көрінеу аштыққа ұшырап, өмірде сирек кездесетін нәубетке табыс болды. Ал Голощекин бастаған республика әкімдері «Қазақстанда коллективтендіруді тамаша өткізіп жатырмыз»— деп Москваға ақпар жазумен болды. Халық жаппай күйзеліске ұшырады.
Міне, осындай сын сағатта Тұрар Рысқұлов 1932 жылы сентябрь айында Сталинге бірінші хатын жазды. Одан нәтиже бола қоймаған соң араға бірнеше ай салып, Сталин, Молотов, Кагановичтердің атына екінші хатын жазды. Ол хатында Рысқұлов Қазақстанда әсіресе мал баққан халықтың халі адам төзгісіз екенін, аштықтан көбі ажал кұшып, кеп адам Қазақстаннан басқа жакқа тамақ іздеп, жұмыс іздеп ауып кеткенін, Голощекин: «Лучше пересолить, чем не досолить,» яғни «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп тұтас халықтың басына алапат қауіп төнгендігін бұлтартпас фактілермен, доқументтермен, жан қиярлық батылдықпен ашына айқайлап айтты.
Дәл осы тұста жеке адамға табыңудың дерті белең алған шақта мұндай орасан батылдыққа барып, өз басын оққа байлау қаупіне қарамай, «халқым» деп жан ұшыра қайраткерлік көрсету — теңдессіз ерлік еді.
Көп ұзамай, 1933 жылы март Пленумында Қазақстан жағдайы талқыланып, Голощекин Қазкрайкомның бірінші секретарлығынан алынып, республика ауыр бұлттан арылып, әділеттік орнай бастады.
Міне, басқа сіңірген еңбегінің бәрін былай қойғанда, Тұрар Рысқүловтың дәл осы ерлігі үшін ғана, халқын жан-тәнімен сүйе білген үлкен жүрегінің көпті жылытқан ыстық оты үшін ғана оны құрметтеуге, оны сүюге, оны үлгі етуге әбден болады! Тұрар Рысқұлов деген есім бізге, келер ұрпаққа өзінің нағыз лениншіл адалдығымен, шын - шылдығымен, халқына қалтқысыз беріле қызмет етуімен, халқы үшін қандай қиындықтан болса да таймай, ез мүддесінен ел мүддесін биік қоғаммен бағалы.
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ И. В. СТАЛИНГЕ ЕКІНШІ
ХАТЫ
Орталық Комитетке
И.В. Сталин жолдасқа
Көшірмесі:
МОЛОТОВҚА, Кагановичке
Қазақтардың бір ауданнан Қазақстаннан тыс жатқан екінші бір аудандарға 1931 жылдың аяғында басталып, жазғытұры ұлғая түскен қоныс аударулары (қолданылған шараларының нәтижесінде олардың бір бөлігі 1932 жылдың жазында кері оралғанды) қазір қайта үдей тусті. Аштық пен індеттің салдарынан бірқатар қазақ аудандары мен қоныс аударушылардың арасында өлім - жітім етек алып отырғандықтан, бұған орталық органдардың шұғыл араласуы қажет. Мұндай жағдай — қазақ халқының белгілі бір бөлігіне қатысты Қазақстанда пайда болған қазіргі жағдай өзге өлкенің, не республиканың ешқайсысында орын алып отырған жоқ. Қоныс аударушылар өздерімен бірге көрші өлкелер мен Ташкент, Сібір, Златоуст темір жолдары бойына індет ауруларын таратты. Совет тарапынан (атап айтканда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) белгіленген ішінара шаралар мәселені шеше алмайды. Орталық Комитеттің қаулысымен дер кезінде жәрдемге босатылған азық-түліктің едәуір бөлігі көздеген жерге жетпеді (оның себептері төменде айтылады.) Бұл мәселенің маңызы зор болғандықтан, Сізден осы хатпен танысуыңызды және аштан өлу каупіне душар болған көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу үшін осы іске ара түсуіңізді өтінемін.
Қазақстанмен көршілес жатқан өлкелерге қоныс аударушылардың барған жерлерінен түскен соңғы, шамамен алынған мәліметтер бойынша қазір Орта Волга бойында — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде —50 мың, Қарақалпақстанда —20 мың, Орта Азияда —30 мың қазақтар бар екен. Қоныс аударушылар тіпті шалғайдағы Қалмақ автономиялы облысына, Тәжікстанға, Солтүстік Өлке-ге және т, 6. жерлерге де көшіп барған. Байлар бастаған халықтың бір белігі Батыс Қытайға өтіп кеткен, қазақтардың орталық аудандарға карай бұлайша қоныс аударуы Қазақстанда алғаш рет болып отыр. Бұл — әдеттегідей жаз айларында өтетін, мал-жанымен бірге алысқа ұзай қоймайтын жай көшіп-қону емес, аш адамдардың едәуір бөлігінің тамаққа талғажау іздеп ауа көшуі. Жекелеген аудандарда қоныс аударушылардың мөлшері сол аудандағы барлық тұрғындар санының 40-50 процентіне дейін жетеді. Қоныс аударушылардың көпшілігі жұмысқа орналастырылмағандықтан қиын жағдайда қалып отыр, ал кәсіпорындарға, совхоздарға, МТС-терге орналасқан қазақ жұмысшыларын казір қысқарта бастады және бұл кәсіпорындардағы жалпы қысқартулар көп ретте түгелдей қазақтардың (егер олар сонда істейтін болса) есебінен жүргізіледі, атап айтқанда, қысқартылып жіберілген жерлерінен қазір қазақтар бөренелерді тиеп-түсіру және өзге де жұмыстарды істеу үшін Москва вокзалдарына жүздеп келе бастады. Қоныс аудару процесінің өзі бұрынғы ескі орында қалған колхоздың әлсіреуіне, қоныс аударушылардың жол-жөнекей қолдағы мүліктерін талан-таражға салуына, киіз үйлерін (көбіне бірден-бір баспанасын) сатуына, қолда бар малды өлім-жітімге ұшыратуына және жұмсап жіберуіне, қалған мүліктерін сатып бітіруіне әкеліп соғып жатты. Қазақтардың арасында етек алған ашарлық пен індет — осында қоныс аударулар меи қазақ шаруашылықтарының іргесі шайқалуының ең басты себебі болып отыр, бұл қатер қазір қайтадан күшіне мініп келеді. Өткен жылдың көктемінде қазақ аудандарында аштық пен аурудың салдарынан қоныс аударушылардың арасында өлім-жетімнің көп болғандығын байқалды. Бұл жағдай қазір көктемнің жақындауына орай тағы да ұлғайып отыр. Қоныс аударушылардың барған жерлерінен түскен және соңғы кезге катысты мәліметтерден алынған бірқатар деректер мынадай. РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жұмысшы комиссарларына қатысуға келген бірсыпыра өлкелердің өкілдері төмендегідей деректерді мәлім етті: Солилецк және Орск аудандарында қоныс аударушылардың арасынан күн сайын 5-10 адам өліп жатқанын — Илларионов жолдас (Орта Волга өлкелік атқару комитетінен) тек Сібір темір жолы станцияларының өзіне — араларында індетке ұшырағандары мен каза болып жатқандары едәуір 10 мыңдай қазақтың жиналып қалғанын; Солтүстік жол құрылысының кірпіш заводында 84 қазақ жұмысшысының жұмыс істегенін, артынап бұларды жұмыстан шығарып жібергеннен кейін олардың 14-інің аштан өлгенін, және бұған айыпты адамдардың жауапқа тартылғанын — Алағызов жолдас (Батыс Сібір атқару комитетінен): Фрунзе қаласы мен оның төңірегіне 10 мыңға жуық қазақтың ауып келгенін (бұл жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне және ВКП (б) Қыргыз облыстық комитетіне жазылған) және олардың арасынан күн сайын 15-20 адам (әсіресе, балалар) елетінін — Туғанбаев жолдас («Қырғызстан Орталық Атқару Комитеті председателінің орынбасары) хабарлады.



