Вторник, 24.10.2017
NAUBET
Сайттың мәзірі
Бағалау
Оцените мой сайт
Жалпы жауабы: 187

Дегенмен оның жазған мақаласы арқылы әсіресе жаңа, жас ұрпақ Тұрар Рысқүловтың кім екенінен біршама хабардар болып қалды. Бұл да болса шындықтың қалың шымылдығының ептеп түрілгенінің белгісі еді. Кейін Тұрар Рысқүловтың өмірі мен қызметін егжей-тегжейлі зерттеген арнаулы беделді комиссия құрылды. Сол комиссияның қорытындысы бойынша, Тұрар Рысқүловтың атына жағылған қара күйе жуылып, ардақты есім біржола ақталды.

Республика көлемінде, одан тысқары жерде Тұрар Рысқүловтың туғанына жетпіс жыл, сексен жыл, тоқсан жыл толуына орай лениншіл коммунист, қаһарман революционердің есімі еске алынып отырды. Ол туралы республикада, Москвада түрлі кітаптар, мақалалар жазылып, доқументті фильмдер түсіріліп, көркем суреттер салына бастады, Оның есімінде қазір мектептер, совхоз, кешелер бар.

Сонымен Тұрар Рысқүлов кім? Оның есімі халыққа, қазіргі ұрпакқа, келер ұрпакқа несімен кымбат?

Ол 1894 жылы 26 декабрьде бұрынғы Верный уезі Шығыс Талғар болысы, Бесағаш деген жерде кедейлік шыңына жеткен семьяда дүниеге келді; Әкесі Рысқұл 1885 жылы өзінің туған жері Шымкент уезі Майлыкент - Түлкібас болысындағы әкімдермен сыйыспай, бір ауыл елді көшіріп, Алматы жаққа Талғарға ауып келіп еді. Жаңа мекенде де озбырлық ойқастап алдынан шығып, Саймасай деген болыстың қорлығына, қиянатына, халыққа көрсеткен қанауына шыдай алмай әлгі болысты атып өлтіреді. Сөйтіп, Сібірге каторгаға айдалады. Бұл туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтъщ «Қараш-қараш» повесінде тамаша жазылған.

Әкесі Рысқүл Алматының түрмесіне түскенде жалғыз ұлы — он жасар Тұрарды оязға арыз жазып, өзінің қасына, түрмеге алдырады. Онысы — Тұрарды Саймасайдың жақындары «қанға-қан» деп өлтіріп жібере ме деген қауіптен болған жай еді. Тұрмеде бала Тұрар абақты бастығы Приходько дегенің малайы болып жүреді. Камерада әкесімен бірге жатқан Александр Броннихов деген революционердің көмегімен әліппе танып, орысша сауаты ашылады. Кейін әкесін Сібірге айдап жібергенде, Меркеге қашып барып, сонда Қырғызбаев деген фамилиямен төрт жылдық орыс-қазақ интернат-мектебіне түсіп оқиды. Оны бітірген соң Пішпектегі (қазіргі Фрунзе) ауылшаруашылық техникумына түседі. Пішпек техникумы оған тек ауыл шарауашылық білім ғана беріп қоймай, айнала дүниеге көзін ашқан мекен болды. Техникум мұғалімдерінің ішінде марксистік ұйымға қатысып жүрген саналы, прогрессивті бағыттағы адамдар да бар еді. Жас Тұрарға олардың әсері болмай қалған жоқ 1914 жылы техникум бітіруге таяған шақта жасоспірш Тұрар өзінің болашағын ойлап, оқуын одан әрі жалғастыруға талпынады. Оны біз сол техникумііың директоры Илья Павлович деген кісінің атына жазған өтінішінен аңғарамыз. Оңда Тұрар: «Мортебелі Илья Петрович,— деп жазады.

— Мен бала шағымнан әке-шешеден айрылып, мүлде жетім қалдым. Мен өз өмірімнің ішінде қиыншылықтың неше алуаның бастан кештім. Мен оқу арқылы кезім ашылып, өзімнің кім екенімді, оқу арқылы ғана саналы азамат бола алатынымды пайымдайтын шамаға жеттім. Сіздің қол астыңызда жүріп оқып, білімнің, тіпті ғылымның дәмін таттым. Енді, міне, сол оқуым біткелі тұр. Мен ез білімімді одан әрі жалғастыруды армаңдаймын. Сізден өтініп сұрайтыным — жоғары оқу орнына түсуіме жәрдем етсеңіз екен...»

Жігерлі жас ерлікке парапар өжеттік танытып, сонау алыстағы Самар (казіргі Куйбышев) қаласына сапар шегіп, сондағы ауыл шаруашылық институтына түсуге арыз береді. Қабылдау емтиханын үздік тапсырып түрған жерінде әлгі институттың бастығы оған: «Сен мал баққан киргиздың баласысын, ауыл шаруашылық ғылымында нең бар? Еліңе қайт, малыңды бақ» Деп қабылдамай кояды. Сөйтіп, әлеу-меттік әділетсіздіктің тағы бір сорақы түрі алдынан шығады. Мұндай әділетсіздікке төзбей, әлі де болса үмітін үзбей Петербургтегі патшанын Оқу министрінің атына өтініш жазады. Министрден жауап - қайыр болмаған соң, Ташкентке барып, сондағы мұғалімдер институтына ілінеді. Мұнда оқи жүріп, өзінің Пішпектегі алған білімі бойынша Краснопад бау-бақша шаруашылығына бағбан болып жұмыс істеп, күнкөріс ақша тауып әрекеттенеді. Өйткені оған қаражатпен кол ұшын беретін ағайын-туған жоқ-тұғын.

Сөйтіп жүргенде 1916 жылы патшаның бұратана халықтан қара жұмыс үшін әскерге адам алу туралы әйгілі жарлығы шығады. Ол жарлық халықтардың бұрыннан асқынған наразылығын шарасынан асырып-төгілдіреді де, қанауға қарсы ұлт-азаттық көтерілісі Орта Азия, Қазақстан сияқты елдердің әр жерлерінде бұрқ-бұрқ ете қалады. Халық тағдыры осындай бір шешуші кезеңге келіп тірелгенде, Тұрар оқуын жайбарақат оқи алмай, Меркеге келіп мұндағы көтерілісті баскаруға қатысады.

Егер өз басының қамын ойлап, өзінің ғана күйін күйтпеген тоғышар болса, Тұрар мұндай қатерлі әрекетке бармай, оқуын оқып жүре берер еді. Елі үшін еңіреген ерлер әр заманда да болған, олар жайшылықта ғана емес, халық басына күн туғанда ерекше қайрат көрсеткен. Меркедегі көтерілісті басқаруға қатысқаны үшін ол жергілікті әкімдерден қуғын көріп, енді революциялық жолға біржола түседі. Әулиеата большевиктерімен танысып, қол ұстасып, солардың ақыл-кенесімен казақ-кырғыз жастарының коммунистік ұйымын құрады. Бұл ұйымның программасын, уставын жазады, басшылық етеді. Ұйымның мақсаты: патшалық режимге қарсы күрес; жергілікті байманаптардан езілген халықтың есесін алып беру халықты сауаттандыру. Сол шақта Қазақстанның әр- әр жерінде жастар ұйымдары болды. Ал солардың ішінде әр Рыскұлов құрған ұйым айқын программасы, уставы бар бірегейі еді. Уақытша үкіметтің жергілікті мекемелеріне қарсы бұл ұйым үлкен күрес жүргізді. Дәл осы ұйымнан Қабылбек Сармолдаев, Мақсат Жылыбаев, Тоқтасын Тоқбаев, ағайынды Наушановтар сияқты көрнекті партия-совет кызметкерлері шықты.

Тұрар Рысқұлов 1917 жылы сентябрь айында реакцияның өсіріп тұрған қауіпті шағында лениндік Коммунистік (большевиктер) партиясының қатарына қабылданды.

Тұрар Рысқүлов Хмелевский, Завадский сыңды большевиктермен бірге Әулиеатада Совет өкіметін орнатуға орасан еңбек көрсетті. Ұлы Октябрь революциясынан кейін іле-шала Әулиеатада Совет өкіметі орнап, Тұрар Рысқұлов уездік Совдепті басқарды. Бұл істе ерекше көзге түсіп, көп кешікпей ол Түркістан советтік социалистік автономиялық республикасының өкімет құрамына енді. Мұнда ол

РКП (б) Мұсылман бюросын басқарды, ТурЦИК председателінің орынбасары, одан кейін председателі болды.

1920 жылы май айында Лениннің қабылдауында болып, түңғыш рет ұлы көсеммен кездесіп, осы кездесудің әсерімен ол ұлт мәселелерінде кейбір кате пікірлерінен арылып, Лениннің нағыз төл шәкірті болып қалыптасады. Ол Москвада қалдырылып, ұлттар мәселесі жөніндегі Халық комиссары (Наркомнац) Сталиннің орынбасары болып тағайындалады. Дәл осының алдында ғана Тұрар Рысқұлов туралы партия мен мемлекеттің көрнекті қайраткерлері Фрунзе мен Куйбышев Орталық Комитетке, Ленинге былай деп мінездеме хат жазды. Михаил Фрунзе: «Бұл мұсылман коммунистерінің ішіндегі аса ірі тұлға — қазақтардан Рысқұлов, ал өзбектерден Тұрсынходжаев. Рысқұловтың ерекше көзге түсетіні — ол ақылдылығымен қоса, үлкен қажыр-кайрат иесі, өте берік мінезді адам.» Валериан

Куйбышев: «Рысқұлов — аса ірі тұлға, Москвадағы қызметте ол мызғымас коммунист болып екі жыл шамасындай қызмет істеп, ересен еңбегімен, Лениндік іске адал берілгендігі мен, азамат, қайраткер ретінде ірілігімен бағаланған, Рыскұлов 1922 жылдың күзінде Түркістан республикасына Совнарком председателі болып қайта оралды. 1924 жылы Түркістан республикасы болып, жеке-жеке отау тікті де, соған дейін Туркістан республикасының құрамында болып келген Ақмешіт (Қызылорда), Шымкент, Әулиеата, Алматы, Талдықорған жерлері Қазақстанға қосылды.

Ал Тұрар Рысқұлов Москваға қайта шақырылып, Коминтернің аппаратында жауапты қызметке тұрды. Міне, осы жерде коммунистердің атақты халықаралық қайраткерлерімен бірге жұмыс істеп, достасты. Олар Бела Кун, Василь Коларов, Сен Котаяма, Георгий Димитров сияқты тарландар еді. Көп ұзамай Коминтернің атқару комитеті Совет өкіметіиің басшылығымен келісе отырып, Тұрар Рысқұловты Коминтерннің Монғолиядағы өкілі етіп жіберді.

Тұрар Рысқұловтың қайраткерлігінде, сөйтіп жаңа кезең басталды. Бұл кезде Монғолия, Қытай, Жапон империалистерінен, ақ гвардияшыл Унгерн шапқыншылығынан жаңадан азат болып, әлі буыны беки қоймаған шақ еді. Тұрар Рысқұлов Монғолияға келе салысымен ондағы озат ойлы, прогрессивті қайраткерлер Церендорж, Чойбалсан сияқты кісілермен тіл табысып, Монғолияны социалистік жолға салуға аянбай ат салысты. 1924 жылы ноябрьде бүкіл монғолдық бірінші ұлы Құрылтай шақырылғанға дейін Тұрар Рысқүлов болашақ Монғол Халық Республикасының Конституциясын жазуға ерекше күш салды. Бірінші ұлы Құрылтай Монғол Халық республикасы жарияланды. Құрылтай жұмысында Рысқұлов көп қайрат көрсетті. Жаңа республиканың астанасының атын Улан-Батор — Қызыл батыр деп қоюға ұсыныс жасады. Мұны бүкіл делегаттар қызу қолдады.

Тұрар Рысқұловтың Монғолияда аткарған еңбегін Коминтерн мен Совет үкіметінің басшылары жоғары бағалады.

Тұрар Рысқұлов 1926 жылдан бастап РСФСР Совнаркомы председателінің орынбасары болып тағайындалып, осы қызметті 1937 жылдың май айына дейін, шала жабылып, жазықсыз жапа шеккенге дейін атқарды.

Мен Тұрар Рысқұлов өміріне, қайраткерлігіне арнап «Қызыл жебе» атты роман жазу барысында көп ізденіп, көп материалдар жинадым.

Рыскұловтың партия алдында, мемлекет алдында атқарған еңбегі орасан. Ол — дарынды талант, айтулы оратор, табиғатынан ерекше туған жан. Ұланғайыр қызметінің бәрін жеткізіп айту да қиын. «Ал соншалықты қайраткерлігінде ең ерекше, ерен қимылы не?» деген сұраққа мен:— миллиондаған халықты апаттан аман алып қалу үшін жеке басын қатерге тігіп, ұлы кайрат көрсеткен екі кезеңі дер едім.

Біріншісі— 1918-1919 жылдарда Орта Азияда, Қазақстанда үлкен аштық болды. Сонда Тұрар Рысқұлов аштықпен күрес комиссиясын басқарып, халықты жаппай қырылудан аман алып қалуға барын салды. Ол кездегі Туркістан республикасының кейбір әсер басшылары армияны нығайту керек деген сылтаумен аштыққа ұшыраған, әсіресе казақ даласында опатқа айналған зұлматқа карсы көмек көрсеткісі келмеді. Сонда Рыскұлов жан аямас айқасқа түсті. Ақыры аштарға жедел кемек көрсету туралы өкіметке қаулы қабылдатты.

                                                                              4 ...   7  8 

Кіру Формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Іздеу
Сайттың достары
Rambler's Top100