Қазақстанда егіс келемінің арту барысын есептеуде таңқаларлық жағдай байқалады. Қазақстан және СССР бойынша әр жылдардағы егіс көлемінің өскені былайша көрсетіледі (ресми мәліметтер); Қазақстанда 1928 жылы—3992 мың га, 1929 жылы —4300 мың га егістік алқабы болған, немесе өсу 1,7 процентке ілгерілеген (СССР бойынша өсу—3,5%, 1931 жылы Қазақстандағы егістік көлемі 5962,2 мың гектарға жеткен, немесе есу 41 процент болған (СССР бойынша 11,7%). Егіс көлемінің 41 процентке өскені жөнінде Қазақстан өлкелік комитеті III Пленумының материалдарында және Исаев жолдастың баяндамасында айтылды да, 1932 жылы егіс көлемі 5600 мың га болған, яғни 1931 жылғыдан 6 процентке көміген, бірақ қазақ органдары 1930 жылғы июльде Қарақалпақ-
станға бөлінген 114 мың гектар егіс көлемін есептеп шығарып тастауды ұмытып кеткен, егер бұл цифрды 1930 жылгы көлемнен сызып тастасақ, онда 1931 жылы Қазақстандағы егіс көлемінің әсуі 45% болады. Бұл, әрине, ақылға сыймайтын цифр. Бірақ астық тапсыру және өзге де жоспарлар осы көлемді басшылыққа ала отырып жүргізіледі. Ал қазақ аудандарында осы жылдардағы егіс көлемі қалай
есептеледі, енді соған келейік: 1927 жылы қазақтардың егін; көлемі 30 процентке, 1928 жылы —20 процентке, 1929 жылы —44 процентке, 1984 мың гектарға ескен. (Бұл цифрлар Қазақстан өлкелік 7-партия конференциясының материалынан алынды) Қазақтардың егістік жері 1929 жылғы 1265 мың гектардаң —1931 жылы 2561. 1 мың гектарға дейін жетіпті (Голощекин жолдастың «Қазақ ауылындағы коллективтендіру туралы» өлкелік активте жасаған баяндамасынан алынды, «Қазахстанская правда», 1932 жыл, 15 май), яғни үш жыл ішінде қазақтардың
егіс көлемі 100 процентке артқан, ал өлке бойынша тұтас алғанда егіс көлемі 1913 жылғымен салыстырғанда 1932 жылы (19 жыл ішінде) 26 процентке өскен. Орыс және өзге де отырықшы халықтардың егіс көлемінен қазақтардың егіс көлемі 4 есе артып кетті деуге қандай негіз бар еді? Мұның неғайбыл екенінде шубә жоқ. Егіншіліктің қыр-сырын жете білмейтін қазақтар тек соңғы жылдары ғана егіншілікке көше бастады, қазақтардың көпшілігі қуан, құнарлылығы төмен аймақтарға орналасқан, әлі күнге тракторлары да аз, агротехникалық шаралардың жүргізілуі де жартымсыз, ал енді осындай жағдайда отырған қазақтардың егіс көлемі қалайша өседі? Бұл жерде егіс көлемін есептеуде үлкен қателіктердің жіберілгені күмәнсіз.
Көшпелі және жартылай көшпелі 39 қазақ аудандарына (Орталык Комитеттің 17 сентябрьдегі қаулысында қамтылып өткен 1933 жылғы егіс жоспары 1932 жылмен салыстырғаңда анағұрлым артық беріледі, ал өлке бойынша, 1933 жылдын егіс жоспары 1932 жылғы егіс жоспары деңгейінде қалған. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы жартылай көшпелі 7 ауданға (Түркістан, Бетпаққара, Шалқар, Ырғыз, Арал, Табын, Ойыл) 1932 жылғы 80 мың гектардың орнына 1933 жылы 104 мың га егіс жоспары берілген, яғни жоспар 30 процентке артқан. Қарағанды облысындағы көшпелі және жартылай көшпелі 5 ауданның (Жаңаарқа, Қызылту, Қорғалжын, Сарысу, Еңбекшілдер) егіс көлемі 1931 жылы 41104 га болған, ал 1933 жылы оларға 58278 га егіс жоспары берілген, яғни жоспар 42 процеңтке өскен (соның ішінде 7 мың шаруа шаруашылықтарынан небары 500—600 шаруа шаруашылықтары ғана қалған Сарысу ауданына 1931 жылғы 300 гектар егіс жоспарының орнына 2880 га жоспар берілген). Батыс Қазақстан облысьшың көшпелі және жартылай көшпелі аудандарына 1932 жылғы 88,61 гектардың орнына 99,962 га егіс жоспары берілген, яғни жоспар 9,4 процентке артқан. Үш облыс бойынша келтірілген бұл цифрларды облыстық органдар бекіткен.
Сонымен көшпелі және жартылай көшпелі қазақ аудандарына еңбекке жарамды халық саны азайып, күш-көлік малының едәуір кеміп отырган 1933 жылы егіс жоспары 1932 жылмен салыстырғанда артығымен берілген. Осымен бірге аталған аудандардан жиналған тұқым қоры да аз және несиеге тұқым алу мәселесі де көп жерде шемілмей отыр (ал көктемгі егіс науқаны таяуда басталады). Демек, бұл — аудандарда тағы да көзбояушылыққа жол беріліп, халықты қоныс аудару мен ашаршылыққа ұрындыруы мүмкін деген сөз.
5. КАЗАҚТАРДЫ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА КӨШІРУ ЖАЙЫ



